Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

#Abai175: Поэзия эстафетасы Татарстанда кең тарап жатыр

2019 жылдың 23 шілде 2019 21:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған челендж бауырлас татар елінде кең тарап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

#Abai175 челеджін «ҚазАқпарат» халықаралық агенттігінен қабыл алған «Татар-Информ» ақпарат агенттігі эстафетаны Татарстанның «Болгар» радиосына жолдаған.

Радио ұжымы челенджді асқан ықыласпен қабылдағандарын айтты.

Осылайша, радионың бас редакторы, продюсер Ильфар Каримов, жүргізуші Айгүл Хайруллина, жүргізуші Зүлфия Гильмутдинова, жүргізуші Фаиль Гимадов, дыбыс режиссеры Альфинур Хисами, «Жаңалықтар» бөлімінің қызметкері Камиля Шагабиева Абай өлеңдерін татар тілінде сөйлетті.






ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алып, оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді. Кейін Ресейдің халық әртiсi Игорь Крутой Димаш Құдайберген жолдаған эстафетаны қабыл алған болатын.

Аталмыш эстафетаны «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің ұжымы «Egemen Qazaqstan» газетінен қабыл алып, Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін шырқады және эстафетаны «Татар-Информ» ақпарат агенттігіне, Қырғыз Республикасының «Кабар» ұлттық ақпарат агенттігіне, «Tengrinews» және NUR.KZ порталдарына жолдаған еді.

Автор Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: Мәдениет, Әдебиет, Өнер,
Жоғары қарай