Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Абай атындағы мемлекеттік сыйлық: Конкурстық іріктеудің шешуші кезеңіне өткендер анықталды

2020 жылдың 28 тамыз 2020 16:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен онлайн форматта 2020 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 24 наурыздағы №292 Жарлығымен Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығының атауы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы деп өзгертілгенін атап өтуіміз керек.

Екі жылда бір рет, сондай-ақ, қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбайұлының мерейтойлары өтетін жылдары Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы екі мемлекеттік сыйлығы беріледі.

Комиссия отырысында әдебиет, кино, театр, музыка, сәулет және бейнелеу өнері салалары бойынша аталған Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған 39 жұмыс қаралды.

Комиссия отырысы аясындағы жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша конкурстық іріктеудің шешуші кезеңіне өткен үміткерлер анықталды.


Жоғары қарай