Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Абай атындағы опера театры ғимараты қызыл түске боялды

2020 жылдың 1 қазан 2020 16:15

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық Опера және балет театры 30 қыркүйекте қызыл түске боялды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл акция қан қатерлі ісігі күніне байланысты қоғамның назарын осы аурумен күреске аудару үшін ұйымдастырылды.

Жыл сайын әлемде 1 қазанда қан қатерлі ісігімен күрес күні аталып өтеді.

Бұл шара қауіпті дерттің алдын алу емдеу, анықтаудың маңыздылығын білдірсе керек.

Жыл сайын жер бетінде 5 000 адам қан қатерлі ісігіне шалдығады екен. Қазақстанда бұл дерт онкологиялық аурулардың алғашқы ондығына кіреді. Соңғы 5 жылда ауыру саны артып келеді. Өткен ғасырдың соңында мұндай науқастар емделуге үміттене алмаса, қазір медициналық технологиялардың арқасында өмірін ұзартуға мүмкіндік алды.


фото: http://www.dailynews.kz

Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы, Медицина,
Жоғары қарай