Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Абай еңбектерін алғаш рет румын тіліне аударған профессор Президенттің алғыс хатын алды

2021 жылдың 16 мамыр 2021 13:53

БУХАРЕСТ. ҚазАқпарат - Қазақстан Елшісі Нұрбах Рүстемов Абайдың «Қара сөздерін» румын тіліне аударған Бухарест университетінің шет тілдері және әдебиеті факультетінің профессоры Антоанета Олтянуға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында ҚР Сырты істер министрлігі мәлімет таратты.

Мемлекет басшысы аудармашыға Қазақстан мен Румыния арасындағы мәдени байланыстарды дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтқан.

Сонымен қатар, Антоанета Олтянудың кәсіби қызметі Қазақстанның Мәдениет және спорт министрінің алғыс хатымен де атап өтілді.

А. Олтяну еңбегіне берілген жоғары баға үшін шынайы ризашылығын білдіріп, екіжақты мәдени байланыстың ілгерілеуіне одан әрі үлес қосуға дайын екенін растады.

Айта кетейік, 2019 жылдың шілдесінде «Немура» баспасында жарыққа шыққан Абайдың румын тіліндегі тұңғыш еңбектері оқырманн ың ыстық ықыласына ие бол ды.

2020 жылдың қыркүйегінде ақынның мерейтойын атап өту аясында Бухарестің орталық саябақтарының бірінде Абай бюстінің салтанатты ашылуы өтті.


Жоғары қарай