Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Абайдың 175 жылдығы: Жидебайдың халықаралық атласы жасалады

2020 жылдың 15 маусым 2020 13:27

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында ұлы Абай тұрған Жидебай елді мекенінің халықаралық атласы жасалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Абай атындағы мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының директоры Тұрдықұл Шаңбайдың айтуынша, атлас ақынның 175 жылдығына орай Абай академиясымен бірлесіп әзірленеді және үш тілде басып шығарылады.

«Жидебай аумағы - 6 мың 400 гектар. Атласты құру мақсатында дарынды фотографтарды жинадым. Басылымда Жидебайдың флора, фауна, ландшафты, биоалуантүрлілігі мен тарихи жерлері көрсетіледі», - деп атап өтті Т.Шаңбай.

Еске сала кетсек, Жидебай жерінде Абайдың мұражай үйі мен кесенесі орналасқан.

Авторы: Орал Ерланұлы


Жоғары қарай