Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Абайтанушы: Біз бір-бірімізге мейірімді және ілтипатты болуымыз керек

2020 жылдың 11 тамыз 2020 00:50

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Филология ғылымдарының докторы, профессор, абайтанушы Айгүл Ісмақова Абай мұрасының маңыздылығы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мереке адамға бір сәт кідіріп, рухани күйіне назар аударуға мүмкіндік береді. Абайдың шығармаларын оқу керек және дәл қазір адамдарға Абай өте қатты қажет. Абайдың жазбаларынан қазіргі жағдайдан қалай шығуға болатынына жауап табуға болады (қазіргі коронавирустық пандемия жағдайы туралы). Әр адам өзін және айналасындағылардың ауырып қалмауын ғана емес, сонымен бірге бүкіл елге қалай көмектесуге болатындығы туралы ойлануы қажет. Біз бір-бірімізге мейірімді және ілтипатты болуымыз керек», дейді Айгүл Ісмақова.

Сонымен қатар, ол Абайдың шығармаларын карантин кезінде қайта зерделеп, оқуға кеңес берді.

«Абай шығармалары – біздің замандастарымыз үшін ең үлкен қозғаушы күш. Абай – бұл өмірді лайықты сүріп, абыройың мен қадір-қасиетінді қалай сақтауға болатындығы туралы мотивация жүйесі», – деп сөзін түйіндеді филолог.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, #Аbai175,
Жоғары қарай