Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Абдулла Гүл: Қазақстан 30 жылда тұрақтылық пен қауіпсіздіктің орталығына айналды

2021 жылдың 10 желтоқсан 2021 18:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 30 жылда Қазақстан Азиядағы жарқыраған жұлдыз секілді экономикалық тұрақтылық пен қауіпсіздіктің орталығына айналды. Түркияның экс-президенті Абдулла Гүл Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға жолдаған бейнебаяндамасында осындай пікір айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанның Тұңғыш Президенті, менің қымбатты досым, бауырым Нұрсұлтан Назарбаевты тәуелсіздік мерейтойымен құттықтаймын», - деп бастаған Түркияның бұрынғы мелекет басшысы бауырлас қазақ елінің дербес ел ету жолында Елбасының атқарған еңбегіне жоғары баға берді.

«Оның қазақ халқына ғана емес, бүкіл түркі әлеміне сіңірген еңбегі үшін алғысымды білдіргім келеді. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы кезінде оның қызметі жалпыға бірдей мойындауға лайық. Қазақстан Азиядағы жарқыраған жұлдыз секілді экономикалық тұрақтылық пен қауіпсіздіктің орталығына айналды. Сондай-ақ, халықаралық қауымдастық ортасында сіздер қауіпсіз ел ретінде танылдыңыздар. Осы жетістіктердің көшбасшысына, Нұрсұлтан Назарбаевқа денсаулық пен амандық тілеймін. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, құрметі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа және қазақ халқына табыс тілеймін», -деді саясаткер.


Жоғары қарай