Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әбілхан Аманқұл Токио Олимпиадасын жеңіспен бастады

2021 жылдың 29 шілде 2021 14:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл Токиодағы Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады, деп жазады Olympic.kz.

75 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Аманқұл өзбекстандық Фанат Қахромоновпен кездескен болатын.

Тартысты жекпек-жектің бірінші раундында төрешілер жеңісті өзбек боксшысына берді. Алайда, екінші раунда тез жиналған Әбілхан қарсыласын нокдаунға жіберіп, кездесу жеңімпазы атанды.

Айта кетелік, бұған дейін төрт қазақстандық спортшы Токио Олимпиадасын мерзімінен бұрын аяқтады.


ФОТО: Жеңіс Ысқабай, Қазақстан ҰОК
Басты сөздер: Спорт, Олимпиада,
Жоғары қарай