Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әбілқайыр Сқақов Павлодар көшелеріндегі қар шығару жұмысын сынға алды

2020 жылдың 23 қараша 2020 07:33

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі қала көшелерін аралады. Алайда, коммуналдық қызметтердің қар шығару жұмыстарына оның көңілі толмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аймақ әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір басшысы Павлодар қаласының әкімі Ержан Имансляммен бірге 22 қараша, жексенбі күні кешке облыс орталығының көшелерін аралап шықты. Олар Катаев көшесінің бойындағы қар үйінділері шығарылмай жатқанын байқады.

- Біз мердігерлерден сапалы жұмыс талап етеміз. Қар түскеннен кейін қала 2-3 күн ішінде тазартылуы тиіс, көшелерде 10 күн бұрын жауған қалың қар әлі үйіліп жатыр. Көктайғаққа қарсы қоспаны шашу, жүру бөлігін қардан тазалау және көше бойын сыпыру бойынша мәселе жоқ, ал қарды полигондарға шығару бойынша жұмыстар орындалмаған. Коммуналдық қызметтерге қаланы қардан тазарту үшін ақы төленеді, оларға талапты дұрыстап қою керек, - деді Әбілқайыр Сқақов қала басшысына.

Облыс әкімі әңгімелескен коммуналдық қызмет бригадалары Катаев көшесінен жиналған қар дүйсенбі күні таңертең шығарылатынын айтты.

Сонымен қатар, жұмысшылар Амангелді, Академик Марғұлан және Академик Бектұров көшелерін тазартып үлгеруі керек.

Өңір басшысы облыс орталығының тазалығына жауапты мердігер ұйымдарға наразылық талабы қойылып, олардың жұмысын мұқият бақылауға алуды тапсырды.














Жоғары қарай