Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әбу-Даби билігі екпе алмағандарға қоғамдық орындарға баруға тыйым салды

2021 жылдың 29 маусым 2021 16:29

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат – 20 тамыздан бастап Әбу-Дабидің қоғамдық орындарына тек COVID-19-ға қарсы екпе алғандар ғана бара алады. Бұл туралы Әбу-Дабидің Төтенше жағдайлар, дағдарыс және табиғи апаттар жөніндегі комитетінің шешіміне сілтеме жасап әмірлік билігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл шешім сауда орталықтары, мейрамханалар, дәмханалар, демалыс орындары, спорт орталықтары, сауықтыру клубтары, шипажайлар, мұражайлар мен мәдени орталықтар, тақырыптық сабақтар, университеттер мен институттар, мектептер мен балабақшаларды қамтиды. Одан бөлек, вакцинасыз сауда үйлерінен тыс орналасқан дүкендерге кіруге болмайды. Алайда бірінші қажеттіліктегі тауарларды сататын супермаркеттер мен дәріханаларға кіруге рұқсат етілген.

Биліктің айтуынша, бұл тыйымдар 16 жасқа дейінгі балалар мен вакцина алуына болмайтын адамдарға жүрмейді.

Елде коронавирус жұқтырғандар саны тәулігіне орташа есеппен шамамен 2,1 мың адамды құрап отыр, бұл көрсеткіш соңғы ай бойы біртіндеп өсіп келеді.


Жоғары қарай