Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Абылай Әуелханов жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанды

2021 жылдың 23 мамыр 2021 19:53

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан астанасы Ташкентте басталған ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Абылай Әуелханов екі бағдарлама қорытындысы бойынша 248 келіні еңсеріп (108+140), чемпион атанды.

Абылай жақында өткен ересектер арасындағы Азия біріншілігінде күміске қол жеткізген болатын. Күміс медальді Өзбекстан өкілі Огабек Нафасов, қоланы эквадорлық Зурита Валледжо еншіледі.
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай