Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ӘЧ-2022: Қазақстан-Украина арасындағы іріктеу матчы көрермендермен өтпек

2021 жылдың 28 тамыз 2021 16:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1 қыркүйек күні Қазақстанның ұлттық құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчында Украинамен кездеспек, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olimpic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоаралық комиссия мен Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігерінің шешімімен Ashyq қосымшасын қолдану арқылы стадионның 30 пайызын көрермендермен толтыруға рұқсат етілді.

Ол үшін Ashyq қосымшасын жүктеп алып, алдын ала өзіңіздің мәртебеңізді біліп алғаныңыз жөн. Жанкүйерлерді стадионда орналастыру әлеуметтік ара қашықты сақтай отырып жүргізіледі, сонымен қатар медициналық масканың болуы талап етіледі.


Басты сөздер: Спорт, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай