Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін 224 нысанның жұмысы тоқтатылды

2021 жылдың 15 маусым 2021 10:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылдың 5 айында адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін 224 нысанның жұмысы тоқтатылды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Министрлік 230 мыңнан астам қауіпті өндірістік нысандықамтитын 9 157 өнеркәсіптік кәсіпорынға мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады. Қадағалау қызметкерлер мен халыққа қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерін ескертуге, қауіпті өндірістік нысандар мен ұйымдарда қолданылатын қауіпті техникалық құрылғылардың қауіпсіздік талаптарын сақтауына бағытталған тексеру арқылы жүзеге асырылады», - деді министр.

Оның атап өтуінше, осы жылдың 5 айында ерекше тәртіппен 418 және жоспардан тыс 271 тексеру жүргізілді.

«Тексерудің нәтижесінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзудың 12 777 фактісі анықталып, 40 млн теңгеден астам сомаға 505 әкімшілік айыппұл салынды. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын өрескен бұзғаны үшін 224 нысанның жұмысы тоқтатылды», - деді Юрий Ильин.


Жоғары қарай