Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Әділет органдары қызметкерлерінің жалақысы 63 пайызға өсті

2020 жылдың 19 маусым 2020 12:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әділет министрі Марат Бекетаев ведомствода қанша қаржы үнемделгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент Жолдауын іске асыру мақсатында әділет органдары қызметкерлерінің штат санын отыз пайызға оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілді. Аумақтық әділет органдарының 265 бөлімі оңтайландырылды, 217 әділет басқармасы 59 ауданаралыққа біріктірілді», - деді министр онлайн режимде халық алдында есеп беру барысында.

Осы орайда 30 мың шаршы метр алаң мен 109 көлік құралы босатылды.

«Бюджет қаражатын үнемдеу шамамен екі миллиард теңгені құрады. Осыған байланысты биылғы ақпаннан бастап министрліктің барлық аумақтық бөлімшелерінде факторлық-баллдық шкала бойынша еңбекақы төлеудің пилоттық жобасы енгізілді. Нәтижесінде, орта буын қызметкерлердің жалақысы шамамен 63 пайызға көтерілді», - деді Марат Бекетаев.


Жоғары қарай