Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ағайынды Емельяновтар Токио олимпиадасында жартылай финалға өте алмады

2021 жылдың 2 тамыз 2021 10:25

ТОКИО. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында ерлер мен әйелдер арасында байдарка мен каноэ есуден сайыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Байдарка мен каноэде есуден ерлер арасында 1 000 метр қашықтағы ширек финалдың сындары аяқталды. Аталған санат бойынша Қазақстан сапынан ағайынды Сергей мен Тимофей Емельяновтар қатысты.

Ширек финалдың нәтижесі бойынша Қазақстан 3:55.157 көрсеткішмен төртінші орыннан көрінді. Мұндай нәтиже А финалына жолдама алуға жеткіліксіз болғандықтан, қазақстандық дуэт В финалында бақ сынайды.

В финалы 3 тамыз күні Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 8:45-те өтеді.


Басты сөздер: Спорт, Олимпиада,
Жоғары қарай