Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 377.19
EUR 408.99
RUB 5.93
CNY 54.02

Агенттік балабақшаларда орындарды бөлу жүйесін жаңартудың мақсаттылығын зерттеуде

2019 жылдың 25 шілде 2019 16:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі елордадағы балабақшаларда орындарды бөлу жүйесін жаңартудың мақсаттылығын зерттеп жатыр. Бұл туралы аталған агенттік төрағасыныың бірінші орынбасары Олжас Бектенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жақында елордадағы балабақшаларда орындарды бөлу кезінде техникалық проблемалар тұрғындардың наразылығын тудырды», - деп атап өтті О. Бектенов.

Осыдан кейін агенттік бұл мәселені тексеруге кірісті.

«Осы бағыттағы шаралар барысында «индиго» деген атаумен енгізілген жаңа ақпараттық тұғырнама жұмысында іркіліс болғанын анықтадық. Қазіргі уақытта бұрынғы ақпараттық тұғырнаманы жаңасына ауыстырудың мақсаттылығын зерттеудеміз. Осы екі жүйеге де бюджет қаржысы бөлінген болатын», - деді Олжас Бектенов.

Жоғары қарай