Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Агроөнеркәсіпте 4,1 трлн теңгеге 582 инвестициялық жоба іске асырылады - Ербол Қарашөкеев

2021 жылдың 3 желтоқсан 2021 12:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенаттағы парламенттік тыңдауда Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев саладағы ұлттық жобаның негізгі міндеттерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауыл шаруашылығында барлық белгіленген міндеттер мен шаралар ағымдағы жылдың соңына дейін қабылданатын 2030 жылға дейін агроөнеркәсіптік кешенді дамыту Концепциясының жобасында көрініс тапты. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2021 – 2025 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі Ұлттық жоба бекітіліп, іске асырыла бастады», - деді Е. Қарашөкеев «Ауыл шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары» тақырыбына арналған парламенттік тыңдауда.

Ұлттық жобаның негізгі міндеттері:

- біріншіден, ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру;

- екіншіден, отандық өндірістің азық-түлік тауарларының негізгі түрлері бойынша елдің өзін-өзі қамтамасыз етуіне қол жеткізу;

- үшіншіден, өңделген өнімнің үлесін 70%-ға дейін жеткізе отырып, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортын 2 есеге ұлғайту;

- төртіншіден, 7 ірі экожүйені қалыптастыру және инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен 1 млн ауыл тұрғындарының табысын тұрақты арттыру.

«Осы міндеттерді шешу үшін 4,1 трлн теңге сомасына кемінде 582 инвестициялық жоба іске асырылатын болады», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай , Ербол Қарашөкеев саладағы негізгі проблемаларды айтты.

Саланы мемлекеттік қолдау мәселелерінде де елеулі кемшіліктер бар. Ең алдымен, бұл субсидиялау тетіктерінің күрделілігі, субсидия алудың шарттарының көптігі.


Жоғары қарай