Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Агроөнеркәсіптік кешендегі қызметтердің 90 пайызы автоматтандырылды - министр

2020 жылдың 2 желтоқсан 2020 09:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Агроөнеркәсіптік кешенде көрсетілетін қызметтердің 90 пайызы автоматтандырылды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру тәуекелдерді төмендетуге, климаттың өзгеруіне бейімделуге, ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігін, жануарлардың өнімділігін арттыруға, агротехнологияларды уақытылы жоспарауға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығын цифландырудың негізгі міндеті - өнім өндіруге жұмсалатын шығындарды азайту, оның сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында түрлі қызмет көрсету кезінде электрондық форматқа көшу қажеттігін атап өтті. Аталған тапсырманы іске асыру үшін министрлік халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді, салалық бизнес процестерді автоматтандыруда және оңтайландыруда» деді министр.

Мәселен, оның айтуынша, бүгінде көрсетілетін қызметтердің 90 пайызы автоматтандырылды. Өткен жылмен салыстырғанда халыққа электронды форматта көрсетілген қызметтердің үлесі 34 пайызға өсті. Мұндай нәтижелерге салалық ақпараттық жүйелелерді жаңғырту арқылы қол жеткізілді.

«Оларды дамыту жұмысын үнемі жаңғыртып отыру қажет. Қазақстан ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру ақпараттық жүйесіне деректер енгізе отырып, ауыл шаруашылығы жануарларын есепке алудың бірыңғай жүйесін пайдаланатын Еуразиялық экономикалық одақтағы алғашқы ел. Жүйеде 35 млн-нан астам ауыл шаруашылығы жануарлары тіркелген. Онда 4,5 мыңға жуық ветеринария маманы жұмыс істейді. Алдын алу ветеринарлық іс-шараларын қоса алғанда жануарлардың толық тіршілік циклін бақылау арналған жүйені түрлендіру жұмысы үнемі жүргізіледі. Жүйенің дамуын ескере отырып, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізіледі. Мәселен, ветеринариялық паспорттарды электронды түрде беру туралы ережені заңнамалық түрде бекітіп беру Парламентте қаралуында. Бұл норма ветеринариялық паспорттар беруді жеңілдетіп, алуды тездетеді. Мемлекеттік шығысты айтарлықтай үнемдейді», - деді Сапархан Омаров.


Жоғары қарай