Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 377.19
EUR 408.99
RUB 5.93
CNY 54.02

АХҚО мен Ислам қаржыландыру кеңесі инвесторларды қорғау стандарттарын әзірлеуде

2019 жылдың 24 шілде 2019 17:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен IFSB (Ислам қаржыландыру қызметі кеңесі) инвесторларды қорғау стандарттарын әзірлеуде. Бұл туралы елордада тілшілерге IFSB бас хатшысы, доктор Белло Лавал Данбатта мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Инвесторларды қорғау шараларына тоқталсақ, АХҚО-мен бірлесе бұл стандарттарды әзірлеудеміз. Ал екінші жұмыс тобы сақтандыруға қатысты шараларды пысықтауда. Халықаралық сақтандыру ұйымымен бірлесе қандай стандарттарды бірлесіп әзірлеу керектігін қарастырудамыз. Атап айтқанда, бізге қолайлы алаңды ұсынып отырған «Астана» халықаралық қаржы орталығына алғыс айтамыз. АХҚО осындай маңызды шараларға осыған дейін де ұйымдастырып келді», - Белло Лавал Данбатта.

IFSB - Ислам қаржыландыруы институттарының тиімді қадағалануы мен реттеуі бойынша талаптарды дайындайтын халықаралық орган.

АХҚО 2017 жылдан бері IFSB-ның тұрақты өкілі. Бұл ұйымның өкілі болу ислам қаржыландыруы институттарының бірегей талаптарын дайындау кезінде тиімді жәрдемдестік танытуға көмектеседі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елордада Ислам қаржыландыру қызметі кеңесінің (Islamic Financial Services Board - IFSB) апталығы өтіп жатыр.

Сонымен қатар, IFSB (Ислам қаржыландыру қызметі кеңесі) Бас хатшысы Қазақстанда исламдық сақтандыру нарығын дамыту қажеттігін атап өтті.


Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Экономика, Қаржы,
Жоғары қарай