Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ахметжан Есімов «Самұрық-Қазына» Қорының басқарма төрағасы болып тағайындалды

2017 жылдың 23 желтоқсан 2017 14:14

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ахметжан Есімов «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасының төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ҚР Үкімет» басшысының сайтына сілтеме жасап.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбеков «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ұжымына жаңа басқарма төрағасы - Ахметжан Есімовті таныстырды.




Премьер-Министр Ахметжан Есімовтің елге сіңірген еңбегін атап өтіп, мемлекеттік күрделі міндеттерді орындаудағы жоғары кәсіпқойлығы мен жауапкершілігін баса айтты.

Қысқа уақыттың ішінде А. Есімов «Экспо-2017» Халықаралық көрмесіне» тиімді дайындық пен оның табысты өтуін ұйымдастырды.

«Қордың алдында Мемлекет басшысының қойған өте маңызды, оның ішінде трансформациялау бағдарламасын одан әрі іске асыру бойынша міндеттері тұр», - деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.

Премьер-Министр жаңа басқарма төрағасы мен Қор ұжымына табыс тілеп, еліміздің Президенті белгілеген мақсат пен міндеттерге жету бойынша жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.

Ахметжан Есімов 1950 жылы 15 желтоқсанда Алматы облысында дүниеге келген.

«Ауыл шаруашылығы өндірісінің процестер механизациясы» мамандығы бойынша 1974 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтының механикалық факультетін бітірген. «Әлеуметтік-саяси қатынастар теориясы» мамандығы бойынша 1991 жылы Ресей қоғамдық ғылымдар академиясының әлеуметтік-саяси факультетін тәмамдаған. Экономика ғылымдарының докторы

1990 жылдан - ҚазКСР Мемагроөнеркәсіп төрағасының бірінші орынбасары. 1992 жылдан - Алматы облыстық әкімшілігінің басшысы. 1994 жылдан - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.

1996 жылдан - ҚР Мемлекеттік хатшысы. 1996 жылдан - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Мемлекеттік қаржы салымдар комитетінің төрағасы. 1998 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы. 1998 жылдан - ҚР Бенилюкс мемлекеттеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2001 жылдан - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі. 2002 жылдан - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі. 2004 жылдан - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары. 2006 жылдың қаңтар айынан - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі. 2008 жылдан бері - Алматы қаласының әкімі.

«Нұр Отан» ХДП қалалық филиалының төрағасы (2008 жылдан).

2015 жылдың 9 тамызынан "Астана ЭКСПО-2017" ҰК басқармасының төрағасы қызметін атқарды.

«Құрмет белгісі» (1982), «Парасат» (2002), «Отан» (2007) ордендерімен марапатталған.

Жоғары қарай