Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Аида Балаева: Біз жастардың қажеттіліктері мен мүдделеріне қарай жұмыс істейміз

2020 жылдың 30 мамыр 2020 19:36

НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат - Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева елордадағы еріктілердің республикалық штабы мен Қазақстан жастары конгресінің кеңсесінде болды. Бұл туралы ҚазАқпарат министрліктің телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Республикалық жастар ұйымдарының лидерлерімен кездесу барысында министр жастармен жұмыс жүргізуде әрбір жас ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне байланысты топтармен арнайы адресті қадамдар жасалып, ақпараттық-ағартушылық жұмысты күшейтуге назар аударды.

«Біз жастардың әр санатының қажеттіліктері мен мүдделеріне қарай жұмыс істейміз», - деп атап өтті А. Балаева.
Кездесу қорытындысы бойынша барлық санаттағы жастардың күрделі мәселелерін қамтитын жастар жобаларын әзірлеу туралы шешім қабылданды.


Жоғары қарай