Ауа райы
Астана -26 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Аида Балаева қазақстандықтарды Рухани келісім күнімен құттықтады

2020 жылдың 18 қазан 2020 11:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Рухани келісім күнін атап өтіп жатыр. Осыған орай Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қазақстандықтарды атаулы мерекемен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан халқының алуан түрлі рухани мәдениеті азаматтарымыздың арасындағы бірлік пен өзара түсіністікті нығайтуға негіз болғаны белгілі. Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап-ақ мемлекет экономикалық және саяси дамумен қатар конфессияаралық әрі этносаралық келісім саясатын ілгерлетуге арналған бағдарды жария еткен еді. Қазақстан халқының рухани мәдени құндылықтарын түсіне отырып, 18 қазан Рухани келісім күні деп жарияланды», - деп жазды Аида Балаева Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, этносына, әлеуметтік топтарға, саяси және діни сенімге қарамастан барлық қазақстандықты біріктіруге арналған осындай датаның болғаны ерекше қуантады.

«Ауызбіршілік пен рухани-адамгершілік бағдарлары бейбітшілік пен өзара түсіністікті қамтамасыз ету үшін мықты іргетас қызметін атқаратындығына, еліміздің одан ары дамып, гүлденуіне септігін тигізетіндігіне нық сенімдімін. Осынау атаулы күнде мықты денсаулық, бақыт, жақсылық пен байлық тілегім келеді», - деп тілегін жеткізді министр.


Жоғары қарай