Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Аида Балаева онлайн петиция бірыңғай платформасын құру үшін негізгі талаптарды атады

2021 жылдың 22 қаңтар 2021 12:54

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Алматы қалалық Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесу кезінде онлайн петиция бірыңғай институтын қалыптастыруға бағытталған өзгерістер туралы заң жобасының негізгі бағыттарын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Біріншіден, заңнамада петиция сөзіне түсініктеме беріледі (петиция – әкімшілік органға электронды формада жіберілген ұжымдық хабарлама, ұсыныс).

Екіншіден, петицияны ұсыну, қарау тәртібі бекітіледі. Бұл басқа процедураларға қарағанда өзгерек болады.

Үшіншіден, петиция бойынша модерация жүргізіледі.

Петиция түскенше мемлекеттік орган құжаттың талаптарға сай немесе сай еместігіне бақылау жүргізеді.

«Мәселен, мәтінде балағаттау, қаралау немесе экстремистік мақсатқа шақыру, әлеуметтік, ұлтаралық, діни алауыздыққа апаратын сөз болмауы керек. Басқару формасын өзгерту, Республикалардың әкімшілік территориялық құрылымын өзгерту, әділ сот, рақымшылық тағы басқа тақырыпта петиция болмайды. Тыйым салынған тақырыптар «Референдум туралы Заңының» негізінде бекітілген», - деді Аида Балаева.

Төртіншіден, петицияның қаралуы үшін берілген оң дауыстар саны ҚР Президентінің жарлығымен саналады.

Бесіншіден, петицияны қарау кезінде бірқатар шараны жүзеге асыру керек.

Атап айтқанда, бірінші жетекшіні петиция атворымен кездестіріп, арнайы бөлек жұмыс тобын құру керек.

«Осындай шаралар петицияның мәртебесін көтеріп, қоғамдық маңызын арттырады», - деді министр.

Алтыншыдан, петиция бойынша мемлекеттік органның бірінші жетекшісі шешім қабылдайды.

Айта кету керек, былтыр ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірыңғай заңды онлайн петиция институтын құруды тапсырған болатын.


Жоғары қарай