Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Аида Балаева: Рамазан - рухани жаңару мен тазаруға үндейтін ай

2021 жылдың 13 сәуір 2021 13:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қазақстандықтарды Рамазан айының келуімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің Telegram каналына сілтеме жасап.

«Құрметті қазақстандықтар!

Еліміздің барша мұсылман қауымын қасиетті Ораза айының кіруімен шын жүректен құттықтаймын.

Рамазан – ізгілік пен парасатқа, рухани жаңару мен тазаруға үндейтін, өткеннен қалған өкпе-реніштерден арылып, қайырымды істер жасайтын мезгіл.

Өкінішке орай, биылғы Рамазан айында да пандемия жағдайы сақталып тұр. Осы орайда, азаматтарымызды санитарлық-эпидемиологиялық норма талаптарын сақтауға және Мүфтияттың ұсынымдарын орындауға шақырамын. Қауіпті індетті жеңіп шығу үшін ауызбірлік пен сабыр, тәртіп пен төзім қажет.

Қасиетті айда тұтқан оразаларыңыз, жасаған ізгі амалдарыңыз, тілеген дұға-ниеттеріңіз қабыл болсын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!»,-делінген министрдің құттықтауында.


Жоғары қарай