Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Аида Балаева жастарды қолдауға бағытталған жоспарымен бөлісті

2021 жылдың 26 мамыр 2021 17:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мемлекеттің жастарды қолдауға бағытталған жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2025 жылға дейін жастарды қолдаудың кешенді жоспары қабылданды. Ол 10 бағыттан тұрады және әр бағыты жастардың көкейкесті мәселелерін шешуге бағытталған. Оның ішінде үй алу, жұмысқа тұру, сонымен қатар жұмыспен қамтылмаған немесе оқымайтын жастар мәселесі бойынша нақты іс-шаралар қарастырылған. Жобалық кеңсе ұйымдастырылған және оның жұмысы аталған мәселелерді жүйелеп, шешуге бағытталған. Бұл мәселелерді заңды тұрғыдан да шешу қажет. Сол себепті қолданыстағы заң жаңартуды талап етеді. Жылдың басында барлық өңірде министрлік күндерін ұйымдастырып, осы мәселелерге қатысты ашық талқылаулар өткіздік. Онда жастардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған ұсыныстар алдық. Олардың барлығы сараланып, кейбірі заң тұрғысында шешілсе, енді бірі жоспарға кіруі мүмкін. Ең бастысы – жастар мәселесін шешу, жағдай жасау», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Оның атап өтуінше, «Тәуелсіздік ұрпақтары» ұлттық жобасы аясында жастарға қатысты мәселелердің барлығы үйлестіріледі әрі шешіледі.

«Яғни, әр бағыт бойынша жоспарда іс-шаралар, жұмыстар көзделген. Қолданыстағы заңымызда жастар санаты 14-тен 29 жасқа дейін деп белгіленген. Қазір жастардың өмір сүру салты өзгерді. Сондықтан алдағы уақытта қабылданатын заңда жастар санатын 14-тен 35 жасқа дейін көтеру, үй алулары үшін арнайы бағдарлама әзірлеу мәселесі көтеріліп жатыр. Бұл мәселелердің барлығы жастарды қолдау жоспарымыз аясында жүзеге асырылады», - деді Аида Балаева.


Жоғары қарай