Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 386.71
EUR 429.17
RUB 6.02
CNY 54.66

Әкім 8 наурызда босанған аналарды перзентханаға құттықтап барды - Қызылорда облысы

2018 жылдың 9 наурыз 2018 18:51

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - 8 наурыз күні Арал ауданында он сəби жарық дүние есігін ашты, - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Айтулы күні 4 ұл бала мен 6 қыз бала дүние есігін ашыпты. Қос мерекеге кенелген ардақты аналарды аудан басшысы Мұхтар Оразбаев пен «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Қанатов арнайы барып құттықтап, қуаныштарымен бөлісті.

Мереке аясында аналар қауымына аудан əкімінің Алғысы мен сыйлықтар табысталды.

Айта кетейік, Сыр халқының көбеюіне ерекше үлес қосып келе жатқан қос ауданның бірі Арал ауданы болып табылады. Сондай-ақ, ұзақ жасаушылар да осы өңірге тиесілі.




null




null

Автор Елубай Әуезов
Басты сөздер: Қоғам, Қызылорда облысы,
Жоғары қарай