Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Әкім сайлауы: Үгіт-насихат шығындары халық санына қарай төленбек

2021 жылдың 27 желтоқсан 2021 22:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауыл әкімдерінен үміткердің сайлаудағы үгіт-наситхат шығын қайта қарау қажет. ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Мәлік Мырзалин «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қолданыстағы заңнама бойынша үгіт-насихатқа 10 күн бөлінген. Солтүстік аймақтарда бұл жеткілікті шығар. Ауылдық округтердің халқы 20-50 мың адамға жететін оңтүстік аймақтарда бұл жеткіліксіз. Жамбыл облысындағы Қордай ауылдық округінде 35 мың адам тұрады. Бағана айтқан Талғар қаласында 50 мыңнан астам адам тұрады. Мұнша халықтың арасында үгіт-насихат жүргізу үшін көп уақыт қажет», - деді Мәлік Мырзалин.

Оның айтуынша, аталған проблеманы шешу үшін сараланған қаржыландыру жүйесін енгізу жоспарланып отыр.

«Қаржыландыруға келетін болсақ, әр үміткерге үгіт-насихат жұмыстарына деп 200 мың теңге қарастырылған. Тағы да айтайын, солтүстікте бұл сома жеткілікті шығар. Оңтүстікте халықтың тығыз қоныстанғаны ескерсек, бұл жеткіліксіз. Сондықтан қазір округ халқының санына байланысты сараланған қаржыландыру енгізу мәселесі қарастырылып жатыр», - деп түсіндірді Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары.


Жоғары қарай