Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әкімдерге тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін беру проблемасын шешу тапсырылды

2020 жылдың 17 қыркүйек 2020 16:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Іс-шарада жерді тиімсіз пайдалану мәселесі көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін кері қайтару бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысының енжарлығы жеке атап өтілді.

«Мысалы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Маңғыстау облыстарында Жерді қашықтықтан зондтау пилоттық жобасының нәтижелері бойынша жер инспекциялары берген мәліметтерден едәуір көп ауыл шаруашылығы алқаптары пайдаланылмай жатқаны анықталды. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерінің назарын жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру саласында жинақталған проблемаларды жедел жоюға аудартты» делінген хабарламада.

Атап айтқанда, оларға және салалық министрліктерге жеке тұрғын үй құрылысына арналған массивтерді коммуналдық инфрақұрылыммен жабдықтау мәселелерін шешудің балама жолдарын әзірлеу ұсынылды.

Айта кетейік, талқылау барысында баяндамашыларға жер құқығы қатынастары саласында, бірінші кезекте кәсіпкерлік және жеке тұрғын үй құрылысы мұқтажы үшін жер беру кезінде барынша ашықтық пен жүйелілікті қамтамасыз ету тапсырылды.


Жоғары қарай