Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әкімі сынға ұшырап, қызметтен алынған Айыртау ауданына жаңа әкім келді

2021 жылдың 18 маусым 2021 19:05

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Айыртау ауданына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-ға қоныс аударушыларға арналған үйлердің сапасыз салынуына байланысты сынға ұшыраған екі ауданның әкімі қызметінен кеткен еді.

Бүгін сол екі ауданның бірі – Айыртауға жаңа әкім тағайындалды.

Енді Айыртау ауданын Ерболат Бекшенов басқармақ.

Ерболат Мұратұлы бұған дейін СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының жетекшісі болып еңбек етті.

Ерболат Бекшенов 1973 жылы туған, Орталық Азия университетiн экономист мамандығы бойынша бiтiрген.

Еңбек жолын «Бекшенов» шаруа-фермерлiк қожалығы басшысының орынбасары болып бастады.

«Ет» ЖШС-де маркетинг бөлiмiнiң меңгерушiсi, Тайынша ауданындағы Донецк ауылдық округiнiң әкiмi, Мамлютка қаласы әкiмiнiң орынбасары, Мамлют ауданы әкiмiнiң орынбасары қызметтерiн атқарды.

2014-2018 жылдары Мамлют ауданының әкімі болып жұмыс істеді.

Сондай-ақ бүгін Есіл ауданына да жаңа басшы тағайындалды.


Жоғары қарай