Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Ақмола мұражайында ландшафт нұсқадағы экспозиция ашылды

2020 жылдың 6 қаңтар 2020 14:57

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Реэкспозициядан кейін Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі келушілерді қабылдай бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі мұражайдың сайтына сілтеме жасап.

Жаңа экспозиция өлкенің тарихы мен мәдениетін ашады. Онда табиғат залы, экожүйелерді қолдана отырып, ландшафт көрсету әдісіне сәйкес жасалған. «Табиғи тарих» залы Жердегі өмірдің даму кезеңдерін, ежелгі дәуірдегі өсімдіктер мен жануарлар әлемі туралы материалдарды ұсынады.

«Ұлы дала өркениеті» залының «Археология», «Орта ғасыр», «Этнография», «Абылай хан» бөлімдері қазақ халқын Көшпелі өркениеттің өкілі ретінде таныстырады. Өйткені, Ұлы дала әлемге жылқы шаруашылығы мен салт ат мәдениетін сыйлады, мұнда этнос өмірі, оның шаруашылық-мәдени әдет-ғұрыптары, өлке археологиясы мен этнографиясы бойынша үздік коллекциялар ұсынылады.

«Қазақ тарихындағы алтын ғасыр - Абылай хан билігіне арналған экспозиция ерекше орын алады. «XIX ғасырдағы Ақмола өлкесінің тарихы» залы XIX ғасырдағы өлкенің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірін, сондай-ақ Көкшетау және Ақмола қалаларының пайда болуын көрсетеді. «Ақмола облысының XX ғасырдағы тарихы» залы Ақмола облысының тарихында көрініс тапқан жарқын, кейде драмалық оқиғаларға толы XX жүзжылдықтың маңызды тарихи оқиғаларына арналған. 2018 жылы ашылған «Елбасы және Тәуелсіздік» заманауи тарих залы Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихын, оның жетістіктерін және табысты Қазақстанның құрылуындағы Тұңғыш Президенттің ауқымды тарихи рөлін көрсетеді», делінген хабарламада.

Жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып құрылған жаңа экспозициялық залдарда жәдігерлерді (сөрелер, диорамалар, инсталляциялар) дәстүрлі көрсетумен қатар келушілердің ыңғайлылығы үшін мониторлар, сенсор моноблоктар жұмыс істейтін болады, сондай-ақ музейде алғаш рет QR кодтар орнатылған.


Жоғары қарай