Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облыстық Үкілі Ыбырай атындағы филармонияға биыл 75 жыл толды

2021 жылдың 5 мамыр 2021 18:31

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы аттары әлемге әйгілі өнер тумаларымен танымал өңір. Солардың бірі қазақтың халық сазгері, әншісі - Үкілі Ыбырайға облыстық филармония атауы берілген. деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ішкі саясат басқармасыне сілтеме жасап.

Өңірде көптеген өнер ошақтары жұмыс істейді. Солардың бірі, қазіргі таңда, тек отандық қана емес, сонымен қатар шетелдік орындаушылардың классикалық шығармалары орындалатын алаң - облыстық филармония.

Өнер ордасының негізгі қызметі ұлттық мәдениетті, ұлы ақындардың мұрасын, қазақстандық композиторлардың шығармаларын және классикалық музыка өнерінің жауһарларын насихаттау және дамыту.

«Облыстық филармония бұрынғы Теміржолшылар мәдениет сарайының ғимаратында орналасқан. Ғимараттың өзі 1963 жылы салынған, ол 2 мың шаршы метрден астам аумақты алып жатыр. Оның концерттік бөлмелері 400 көрерменді қабылдай алады. Бүгінде филармония штатында 146 шығармашылық қызметкер, 10-ға жуық шығармашылық ұжым табысты еңбек етуде, сондай-ақ солист-вокалистер мен аспапшы-солистерді қамтитын музыкалық лекторий бар», - деді мекеме директоры Нұргүл Шайкенова.

Айта кетсек, филармония өңірдегі жалғыз кәсіби концерттік ұйым. Оның ұжымдары негізінен республикалық деңгейдегі музыкалық жобаларды өткізуге қатысады. Филармония музыкалық компоненттен басқа, ерекше білім беру қызметін де жүргізеді. Себебі, мұнда жаңа концерттік бағдарламалар, музыкалық жобалар жүзеге асырылып, сол арқылы музыка саласындағы ақпараттық кеңістік қалыптастырылуда.


Басты сөздер: Ақмола облысы, Мәдениет,
Жоғары қарай