Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ақмола облысы «National Tourism Awards 2019» сыйлығының үш аталымына ие болды

2019 жылдың 8 желтоқсан 2019 10:11

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы «National Tourism Awards 2019» ұлттық сыйлығының қорытындысы бойынша үш аталымға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аймақ басшысының орынбасары Марат Иғалиевке сілтеме жасап.

«Ақмола облысы туризмде бірінші орын! Елордада «National Tourism Awards 2019» ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын таңдады», - деп өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды М.Иғалиев.

Аймақ басшысы орынбасарының сөзінше, Ақмола облысы «Үздік 4 жұлдызды отель» - GreenWhich Kokshetau, «Қазақстанның үздік шипажайы» - Оқжетпес, бұл Орталық- Азиядағы халықаралық EuropeSpa сертификатын алған алғашқы шипажай, сондай-ақ, «Балалар мен жасөспірімдердің үздік туристік жобасы» аталымдары бойынша жеңімпаз атанды.

Фото: kazakhstan.travel

Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Ақмола облысы, Туризм,
Жоғары қарай