Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында 10 мыңға жуық адам тұмауға қарсы екпе алды

2020 жылдың 22 қыркүйек 2020 14:41

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында тұмауға қарсы екпе салу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне сілтеме жасап.

«Ақмола облысында 9610 адам тұмауға қарсы екпе алды. Бұл - екпе салу жоспарланған адамдардың 12,7 пайызы. Санаттарға бөлетін болсақ, 39 жүкті әйел, 2133 медициналық қызметкер, 381 медициналық бақылауға алынған бала, 89 ата-анасыз жетім, 743 медициналық-әлеуметтік көмек алушы, жүрек-қантамыр ауруымен ауыратын 2767 науқас, эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша 3458 адам бар», - дейді облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетсек, қыркүйектің 15-інде Ақмола облысында тұмауға қарсы вакцинация жұмыстары басталған болатын.

Облыс аумағында екпе егетін 293 ем-шара кабинеті анықталып отыр. «Қауіпті» топтағы тұлғаларға екпе егу үшін тегін 82 048 вакцина қарастырылған.

Осы бағытта жергілікті бюджет есебінен 13 миллион 962 мың теңгеге 16,1 мың ресейлік «Гриппол плюс» вакцинасы сатып алынды.

Бұл вакцина биылғы эпидемологиялық маусымда байқалады деп болжанып отырған тұмаудың А және В түрлеріне қарсы егіліп жатыр.





Жоғары қарай