Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында 11 жел генераторы жобасы жүзеге асырылмақ

2021 жылдың 28 маусым 2021 20:22

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында баламалы энергетика саласы белсенді дамуда. Осы ретте, қатаң континенталды климаты бар аймақта жаңартылатын энергия көзі ретінде жел күші қолданылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Зеренді ауданының Елікті ауылында 11 жел генераторының құрылысы жобасы бойынша өткен қоғамдық тыңдауда «Эталон Пауэр» ЖШС-нің өкілі Асхат Жақсыбергенов тұрғындарды таныстырды.

Кәсіпорын ауыл маңында 100 гектар аумаққа жел электр стансасының қондырғыларын орналастыруды жоспарлап отыр. Даниялық өндіруші «Vestas» қондырғыларының қуаты 18 МВт, диаметрі 20 метр, ал жобаның құны - 11 миллиард теңгені құрайды.

Зеренді ауданының әкімі Асен Жақсылықов жергілікті қоғамдастықты жобаны қоғамдық бақылауға белсенді қатысуға, оның барлық кезеңдерінде құрылысқа мониторинг жүргізуге шақырды. Оның айтуынша, жобада жұмыс орындары ұйымдастырылады. Учаскені қоршау электр станциясын салу кезінде мүмкін болады, олар аяқталғаннан кейін жойылады.

Өңірдің күн электр станцияларын салу жобаларын іске асыруда табысты тәжірибесі бар. Бүгінгі таңда баламалы энергетика саласында бірнеше инвестициялық жобалар іске асырылды – Ерейментау ауданындағы жел электр станциясы, Целиноград ауданындағы жел энергетикалық қондырғы, сондай-ақ Аршалы ауданында қуаты 100 МВт жел электр станциясын салу бойынша ірі жоба іске асырылуда. Бұдан басқа, Ерейментау ауданында тағы 2 жел электр станциясын және Целиноград ауданында жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып күн электр станциясын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.



Жоғары қарай