Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында ағайынды екі жігіт суға батып кетті

2021 жылдың 28 маусым 2021 19:38

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 31 және 29 жастағы ағайынды жігіттер суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылғы маусымның 27-де Сандықтау аудандық өрт сөндіру бөліміне Петровка ауылы маңындағы Жабай өзенінің жағасынан екі ағайынды жігіттің жеке заттары табылғандығы туралы телефон арқылы хабарланды.

«Ер адамдарды іздеу үшін Көкшетаудан шұғыл түрде сүңгуірлер жіберілді. Сонымен бірге, іздестіру шарларына кинологтар жеке құрамына 5 адам 2 бірлік техника, қызметтік ит жұмылдырылды. Нәтижесінде 12:30 Жабай өзенінен 1990 және 1992 жылғы жігіттердің денесі табылды», - деді ведомстводан.

Суға батқан ағалы - інілі жігіттердің әкесінің айтуынша, ұлдары үйде түнемеген. Таңертең Жабай өзенінің жағасында олардың киімдері табылған.





Жоғары қарай