Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ақмола облысында «Ashyq»-қа қатысушы нысандарға жеңілдік енгізілді

2021 жылдың 15 қараша 2021 22:03

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің карантиндік шектеу шаралары туралы жаңа қаулысы шықты. Оған сәйкес, «Ashyq» жобасына қатысушылар үшін жұмыс уақыты сағат 01:00-ге дейін, «көшбасшылар» үшін 03:00-ге дейін ұзартылды. Ал жобаға қатыспайтын кейбір объектілер шектеу талаптарын сақтауы тиіс, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ashyq» жобасына қатысушыларды қоспағанда, салтанатты, естелік, отбасылық іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) өткізуге тыйым салынады. Жоба қатысушылары іс-шараларды қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз «жасыл» мәртебе болған жағдайда (вакцинация, сынамаларды іріктеу сәтінен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижемен ПТР-тест, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы үш ай ішінде ауырып жазылған адамдар) 50 пайызға дейінгі толымдықпен, бірақ 50 орыннан аспайтындай тәртіппен өткізе алады. «Ashyq» көшбасшыларында толымдық 50 пайызға дейін, орындар саны 70-тен аспауы қажет.

«Банкет залдарында өткізілетін «Ashyq» жобасына қатысатындарды қоспағанда, еске алу асын беруге тыйым салынады. Ал «Ashyq» жобасына қатысатындар үшін сағат 07:00-ден 01:00-ге дейін, ал «Ashyq» жетекшілеріне сағат 07:00-ден 03:00-ге дейін 50 адамнан артық емес болғанда рұқсат етіледі», - делінген қаулыда.

Демалыс күндері қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіз «жасыл» мәртебесі болған жағдайда объектілердің жұмысына жол беріледі.

«Мемлекеттік органдар (ұйымдар мен кәсіпорындар), квазимемлекеттік сектор органдары, ұлттық компаниялар, өзге де ұйымдар, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері қызметіне рұқсат беріледі. Бұл ретте, штаттық кестеде 50-ден артық қызметкер болғанда, қызметкерлердің кемінде 50 пайызы қашықтан жұмыс атқарады. COVID-19-ға қарсы толық вакцинация курсын алған және соңғы 3 айда COVID-19-бен ауырған барлық қызметкерлерге мекемеде жұмыс атқаруға рұқсат беріледі», - деп көрсетілген жаңа қаулыда.

Қаулы 2021 жылғы 16 қарашада сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.


Жоғары қарай