Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Ақмола облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2020 жылдың 28 қаңтар 2020 16:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

29 қаңтарда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі, түнде кей жерлерде боран соғады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы түнде кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Еске сала кетсек, синоптиктер 29 қаңтарда Қызылорда, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Қостанай облысының аумағында қолайсыз ауа райына байланысты дабылды ескерту жариялады. Сондай-ақ, ертең Нұр-Сұлтан, Өскемен және Семей қалаларында жел күшейіп, боран соғады.



Жоғары қарай