Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Ақмола облысында ауған соғысының құрбандары еске алынды

2020 жылдың 16 ақпан 2020 04:36

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат –Совет үкіметі әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына байланысты интернационалист-жауынгерлер саябағындағы ескерткішке гүл шоқтарын қою шарасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетауда ұйымдастырылған тағылымды шараға облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова, ооблыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Ералин, облыстық қорғаныс істері департаментінің бастығы, подполковник Руслан Қасымов, «Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дуанбай Ыбырай, Ауған соғысына қатысушылар және әскери-патриоттық клуб пен жастар бірлестігінің өкілдері интернационалист-жауынгерлер қатысты.

Шарада Ауған соғысының бір топ ардагері облыс әкімі орынбасарының Алғыс хатымен марапатталды.

«Осыдан 31 жыл бұрын 15 ақпан күні Совет одағы әскерлерінің соңғы шебі Ауған жерінен шығарылды. Отан үшін от кешкен ардагерлеріміздің ерлігі еш ұмытылмайды», - деді Айна Мысырәлімова.

Ақмола облыстық қорғаныс істері департаментінің бастығы Руслан Қасымовтың айтуынша, Ақмола өңірінен ауған жеріне 1113 ақмолалық аттанып, оның 60-қа жуығы үйіне оралған жоқ.

«Он жылға созылған соғыс талай отбасының шаңырағын шайқалтып, жүрекке жазылмас жара салды. Бұл қайғылы, ұмытылмас оқиға қазақ халқының есінде мәңгі қалары анық», - Дуанбай Ыбырай.


Жоғары қарай