Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында автосервис механигі ұрлаған автокөлікпен жол апатына ұшырады

2021 жылдың 3 желтоқсан 2021 16:51

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында автосервис механигі көлік ұрлап, жол апатына ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы 2 желтоқсанда кешкі сағат 20:13-те Бурабай аудандық ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғыны жүгініп, техникалық қызмет көрсету станциясына жөндеуге апарған көлігінің ұрланғанын айтқан.

«Анықталғандай, техникалық қызмет көрсету стансасының 31 жастағы механигі мас күйінде арыз иесіне тиесілі «Нива» маркалы автокөлігін ТҚС аумағынан айдап әкеткен. Күдікті автокөлікпен жүріп, жедел басқару орталығының сыртқы бейнебақылау камерасының тірегіне зақым келтіріп, жол-көлік оқиғасын жасаған», - деді ведомстводан.

Қазіргі кезде, осыған байланысты Бурабай аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 200-ші бабының 1-ші бөлігі «автомобильді ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену» бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды.


Жоғары қарай