Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 411.66
EUR 465.92
RUB 5.81
CNY 58.79

Ақмола облысында әйел танысының үйін өртеп жіберді

2020 жылдың 1 маусым 2020 23:35

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында 52 жастағы әйелдің танысының үйін өртеп жібергені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 30 мамырда Ақкөл аудандық ПБ кезекшілік бөліміне 31 жастағы әйелден Ақкөл қаласындағы үйін біреулердің өртеп жібергені туралы арыз түсті. Үй иесіне келтірілген шығын көлемі 2 миллион теңге деп бағаланды.

«Жедел іздестіру шарасы кезінде тәртіп сақшылары 52 жастағы әйелдің аталмыш үйді өртегенін анықтады. Қылмыс кезінде үйде ешкім болған жоқ. Қаскөй зардап шегушімен арадағы өзара кикілжің үшін үйді өртеген», - дейді ведомстводан.

Ведомстводан атап өткендей, қазіргі кезде күдіктіге қатысты ҚР ҚК 202-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Жоғары қарай