Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ақмола облысында бес күнде 1 383 түлек ҰБТ тапсырды

2020 жылдың 26 маусым 2020 18:27

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында өтініш білдірген 3718 түлектің бес күн ішінде 1383-і тестілеуден өтті. Бұл туралы облыстық білім басқармасының жалпы-орта және мектепке дейінгі білім бөлімінің басшысы Айнагүл Сүлейменова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бөлім басшысының айтуынша, облыста ҰБТ тапсыратын 11 пункт жұмыс істейді. Оның үшеуі Нұр-Сұлтан қаласының жоғары оқу орындарында ұйымдастырылған, онда Аршалы, Қорғалжын және Целиноград аудандарының түлектері тест тапсыруда.

ҰБТ тапсыру барысында санитарлық талаптар қатаң сақталған.

«ҰБТ тапсыруға өтініш білдірген 3718 түлектің бес күн ішінде 1383-і тестілеуден өтті. Қатысушыларды тестілеуге жіберу барысында 11 түлек телефон және шпаргалка әкелгені үшін тестілеуге жіберілмеді. 13 түлек - ереже бұзғаны үшін, екеуі - дене қызуы көтерілгендіктен тестілеуге жіберілмеді», - дейді Айнагүл Сүлейменова.

Ол атап өткендей, ҰБТ тапсырғандардың арасында Степногор қаласындағы №4 негізгі орта мектеп-интернатының түлегі Диас Өндіріс ең жоғары 128 балл жинады.

Өңірде ҰБТ тапсыру он күн бойы маусымның 30-на дейін жалғасады.

Еске сала кетейік, жалпы биыл Ақмола облысында 4515 түлек мектеп бітірсе, оның 3718 ҰБТ тапсыруға өтініш берген.


Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: ҰБТ, Білім, Ақмола облысы,
Жоғары қарай