Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ақмола облысында боранда жоғалған үш тракторшы табылды

2019 жылдың 8 желтоқсан 2019 02:16

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Есіл ауданында боранды күні шөп әкелуге кетіп, із-түзсіз жоғалған үш тракторшы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай, К-700, МТЗ-80 және МТЗ-82 тракторларына мініп, шөпке кеткен «Престиж» шаруа қожалығының үш тракторшысы жоғалып кеткен еді. Кейін белгілі болғандай, олар кеше таңертең діттеген жеріне барып, шөп артып, кешкісін ауылға қарай жолға шыққан. Алайда, ақтүтек бораннан жұмысшылар сол күйі үйлеріне оралмады. Іздестіру шараларына ДЭУ, аудандық ТЖБ және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жұмылдырылды.

Өңірлік ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше,бүгін кешкісін үш тракторшы да аман-есен табылды. Бұл туралы іздестіру тобы ведомствоның баспасөз қызметіне видеожазба жолдады. Онда тракторшылардың өздерін іздеуге атсалысқан ДЭУ, аудандық ТЖБ және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлеріне алғыс айтып жатқанын байқауға болады.

«Үш тракторшы да аман есен табылды. Әзірге, осындай ғана ақпарат бар. Толық мәліметті кейін хабарлайтын боламыз» деп түсіндірді ведомствоның баспасөз хатшысы Динара Есенбаева.

Жоғары қарай