Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ақмола облысында бұқаралық спорт қалай дамып жатыр

2022 жылдың 22 қаңтар 2022 16:45

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында бұқаралық спортты дамыту жоспары аясында дене шынықтырумен және спортпен айналысатын тұрғындардың саны жыл сайын артып келеді. Алдыңғы жылмен салыстырғанда 2021 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 5 пайызға артып, 35,7 пайызды (жоспар бойынша-34,3 пайыз) немесе 262707 адамды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Республика бойынша Ақмола облысы дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтарды қамту бойынша 3-ші орынан көрінді.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәлі меліметінше, балалар мен жасөспірімдерді спорт мектептері мен клубтарының секцияларымен қамтудың өсуі байқалады.

2021 жылдың қорытындысы бойынша спорт мектептерінде және балалар-жасөспірімдер клубтарында шұғылданушылар саны 3,4 мың адамға артып, 24557 адамды немесе 15,6 пайызды құрады.




Б үгінгі күні облыста 1252 дене шынықтыру ұжымы жұмыс істейді, оларда 262707 адам шұғылданады.

Ақмола облысының аудандық және қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің статистикалық деректері бойынша дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшін 2521, оның ішінде ауылда – 1736 спорттық ғимарат бар.

Спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз ету - 56,5 пайыз.




«Облыста дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы жүргізілуде. 2020 жылы Аршалы ауданы Аршалы кентіндегі Біржан сал ауданында Фокстың құрылысы аяқталды. 2021 жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде Целиноград ауданының Ақмол ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды, Шортанды ауданы Шортанды кентіндегі стадионға жергілікті бюджет қаражаты есебінен күрделі жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ, жеке инвестициялар есебінен Атбасар ауданының Шуйское ауылында спорт кешенінің құрылысы аяқталды («Шуйское»ЖШС)». Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Ерейментау қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің, Щучинск қаласында спорт сарайының құрылысы жүргізілуде. Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына жобалық сметалық құжаттамасы әзірленді», - деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсет Бүкібаев.




Басқарма басшысының айтуынша, бұдан бөлек, «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде Бурабай ауданының Мәдениет ауылында, Жақсы ауданының Жақсы ауылында спорт кешенінің құрылысы, сондай-ақ Сандықтау ауданының Балкашино ауылындағы «Урожай» стадионын қайта жаңарту жүргізілуде.




Жеке инвестиция есебінен Жақсы ауданының Белағаш ауылында спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде («ТҰК»ЖШС).

«Халықтың бос уақытын ұйымдастыру үшін қазіргі заманғы спорт алаңдарын орнату бойынша жұмыстар аяқталды, бұл объектілердің құрылысы жергілікті бюджет, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер қаражаты есебінен жүргізілуде. 2021 жылы облыс бойынша 34 спорт алаңы жабдықталды. 2022 жылға облыстық бюджеттен 9 аудандағы (Ақкөл, Атбасар, Бұланды, Бурабай, Есіл, Жарқайың, Біржан сал, Целиноград, Шортанды) 25 спорт алаңын жабдықтауға, Целиноград ауданының Қабанбай батыр ауылындағы және Егіндікөл ауданының Егіндікөл қаласындағы стадиондарды ағымдағы жөндеуге, сондай-ақ Ақкөл ауданының Новорыбинка ауылындағы спорт залын күрделі жөндеуге қаражат бөлінді. Облыста тұрғындардың бос уақытын ұйымдастыру үшін қазіргі заманғы спорт алаңдарын салу бойынша жұмыстар аяқталды, бұл объектілердің құрылысы жергілікті бюджет, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер қаражаты есебінен жүргізілуде. 2021 жылы облыс бойынша 34 спорт алаңы жабдықталды», - деп толықтырды Әсет Бүкібаев.




Басқарма басшысы атап өткендей, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында облыс бойынша 2021 жылы 152697 адамның қатысуымен 1356 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді, оның ішінде ауылда 128908 адамның қатысуымен 900-ден астам іс-шара өткізілді.

Облыс әкімдігінің «кешенді облыстық спартакиадалар өткізу туралы» қаулысына сәйкес және бас санитарлық дәрігердің рұқсатымен спорттың 11 түрі бойынша ұлттық және халықтық спорт түрлері бойынша «Құлагер» спартакиадасы ұйымдастырылды.

2021 жылы президенттік тестілеуге 106875 адам қатысты, бұл облыс халқының жалпы санының 16,4 пайызын құрады (өткен жылы 1,8 пайызға жоғары).




Президенттік деңгейді 2680 адам (қатысушылардың жалпы санының 2,5 пайызы) ұлттық деңгейді – 11042 адам (10,3 пайыз) орындады.

«Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарды дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. 2014 жылдың қазан айынан бастап облыста осы санаттағы адамдарға арналған «Мерген» спорт клубы жұмыс істейді, онда осы санаттағы 350 адам шұғылданады. Ағымдағы жылы клубта зияткерлік мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған «Спешиал олимпикс» бағдарламасы бойынша бөлімшелер ашылды, Көкшетау қаласында спорттың төрт түрі (Жеңіл атлетика, шағын футбол, тоғызқұмалақ, шаңғы жарысы) бойынша 73 бала қамтылды. Былтырғы сәуір айында Есіл ауданында көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған голбол бөлімшесі ашылды. Клуб басшылығымен географияны кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде, бүгінгі күні клуб құрамында облыстың 9 өңірінен (Көкшетау, Степногор қалалары, Атбасар, Бурабай, Жарқайың, Жақсы, Сандықтау, Целиноград, Есіл аудандары) спортшылар бар», - деп түйіндеді басқарма басшысы.








Жоғары қарай