Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында дүкендер демалыс және мереке күндері жұмыс істейді

2021 жылдың 3 наурыз 2021 19:15

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Ақмола облысының аумағында карантин шектеу шараларын жеңілдету туралы» 2021 жылғы 3 ақпандағы №11 қаулысы щықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы қаулыға сәйкес, мереке және демалыс күндері сауда нысандары, сән салондары, монша жұмыс істейді. Кинотеатрлар мен театрлар көрермендер залында келушілерді отырғызу кезінде екі метр қашықты сақтай отырып, толымдылығы 20 пайыздан аспайтын жағдайда жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

«Ашық, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар демалыс және мереке күндері төрт шаршы метрге бір адам келетінде әлеуметтік қашықты сақтай отырып жұмыс істейді», - деп көрсетілген қаулыда.

Сонымен бірге, сауда үйлеріне сондай-ақ демалыс және мереке күндері 30 пайыздан артық толтырылмаған жағдайда жұмыс істеуге етуге рұқсат етіледі. Косметологиялық қызмет көрсететін объектілер үшін осындай ереже қолданылады. Балалар ойын алаңдарына, аттракциондардың жұмысына тыйым салынады. Қоғамдық моншаларға 50 пайыздан аспайтын мөлшерде жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Сауналардың қызметі әлі де демалыс күндері шектеулі болады. Сондай-ақ қалааралық автобус, шағын автобус тасымалдарына рұқсат етіледі.

«Білім беру нысандарындағы тамақтану қызметі бір мезгілде тамақтану залында отыратын орын санының 50 пайызынан аспайтын жағдайда рұқсат етіледі. Мектеп асханаларының қызметкерлері ПТР тестілеуден өтеді», - делінген қаулыда.


Жоғары қарай