Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында егін жинау науқаны қалай жүріп жатыр

2021 жылдың 15 қыркүйек 2021 15:43

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысы Зеренді ауданының диқандары ауа райының қолайлы сәттерін ұтымды пайдаланып қалуға асығуда. Аудандағы іргелі шаруашылықтардың бірі – «Викторовское» ЖШС диқандары тәулік бойы жұмыс істеп, егін орағы науқанын ерте аяқтауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Серіктестік аграномы Өміржан Қожахметовтың айтуынша, 30 жыл ішінде егін шығуы үшін мұндай құрғашылық жыл болған жоқ. Көктемде егін егуде қиындықтар туды, жаз жаңбырсыз болды, карантин де алаңдаушылық тудырды. Бірақ диқандар бар күшін салып, жоспар межесінен шығуда.

«Викторовское» ЖШС-нің 17 мың гектардан астам егістік алқабы бар. Оның ішінде 8,7 мыңы – бидай, 2,5 мыңы – арпа, 1,5 мың гектардан астам жасымық, сондай – ақ зығыр отырғызды. Соя және басқа да дақылдар бар. Отыз жылдық тәжірибемде мұндай жаңбырсыз жаз бірінші рет болып отыр. Соған қарамастан егініміз бітік шығып, алтын астықты қамбаға құйып жатырмыз. Қазіргі кезде, егіс алқаптарындағы барлық астықтың 65 пайыздан астамы бастырылды. Бұл биылғы құрғашылық жылында жақсы көрсеткіш», – дейді Өміржан Қожахметов.

Серіктестік аграномы егін орағы жұмыстары тәулік бойы жүргізілетінін, түскен астық элеваторларға жетікізілетінін атап өтті.

«Ауа райы жақсы болып тұрғанда кезде ширақ қимылдап жатырмыз. Алдағы күндер ашық болса, науқанды қыркүйектің 25-не дейін аяқтаймыз. Науқанға 50-ге жуық жұмысшы, 10 комбайн, 8 жүк көлігі және 3 трактор жұмылдырылған. Дала төсінен жеткізілген астық қырман басында тазаланып, бірден Щучье қаласындағы элеваторға жөнелтілуде. Қазіргі кезде, келер жылға қажетті 3 мың тоннада астам тұқым қорын да жасап қойдық», - деп түйіндеді Өміржан Қожахметов.



Жоғары қарай