Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында иісшіл иттің көмегімен 400-ге жуық қылмыс ашылды

2020 жылдың 25 қараша 2020 10:33

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында иісшіл иттің көмегімен 400-ге жуық қылмыс ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, құқық бұзушыда бірде-бір мүмкіндік қалмайды. Ашылған қылмыстардың күнделікті мәліметтерінде адам ғана емес, жануарлардың да жұмысы көрсетіледі. Сондықтан жаттығу - төрт аяқты полицейлер өмірінің ажырамас бөлігі.

Көбіне нысанды қорғаудың сенімділігі, қылмыскерлерді іздеу, есірткі мен жарылғыш заттарды анықтау ит нұсқаушыларының кәсібилігіне және иттің дайындығына байланысты.

«Күшіктен төрт аяқты полицейдің өсіру оңай емес, бұл үлкен жұмыс»,- дейді кіші инспектор кинолог Алмаз Тлеулесов.




Бүгінгі күні полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығында 43 үй жануары бар, оның 22 із бойынша, есірткі құралдарын іздеу бойынша – 3, жарылғыш зат іздеу бойынша – 3, шабуыл жұмысы бойынша – 2, одорология бойынша – 5 және патрульдік бекеттік қызмет бойынша – 1 ит.

«Орталықта төрт аяқты полицейлерге барлық жағдай қарастырылған: вольерлер, медициналық блок, сондай-ақ әртүрлі жаттығу құрылғылары бар кешен орналасқан. Біз алты негізгі бағыт бойынша жұмыс істейміз, – деп түсіндірді Алмаз Тлеулесов. – Бұл - із кесу жұмыстары, жарылғыш зат, есірткі іздеу және табу, сондай-ақ криминалистикалық басқару желісі бойынша жұмыс, яғни қылмыс орнында алынған иістерді одорологиялық іріктеу. Сондай-ақ, бізде патрульдік қызмет көрсететін күзет иттері бар».

Жалпы, әрқайсы әр іске маманданады. Мысалы, спаниельдер жарылғыш зат пен есірткі іздеуге қабілетті, бірақ күзет қызметіне онша қолайлы емес. Неміс иттері әмбебап тұқым болып саналады және кез келген іске жарамды.

Тек осы жылы қызметтік-іздестіру итінің көмегімен облыс аумағында 371 қылмыс ашылды, оның ішінде 200-ден астамы - ұрлық. Есірткінің заңсыз айналымына байланысты 21 қылмыс ашылып, 4 килограмнан астам түрлі есірткі тәркіленді.

«Иттің болуы психологиялық тұрғыдан шабуылдаушыларға әсер етеді, олар полицейлерге қарсы тұрудан немесе қашып кетуден қорқады. Сондай-ақ, полицияның қызметін едәуір жеңілдететін заманауи техникалық құралдардың, әртүрлі жабдықтардың үнемі дамуына қарамастан, қылмысты ашудағы қызметтік иттің рөлі күн санап артып келеді», – деп толықтырды Алмаз Тлеулесов.


Жоғары қарай