Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында карантин талаптарын бұзғандарға 26,7 миллион теңге айыппұл салынды

2021 жылдың 24 ақпан 2021 22:02

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында карантин талаптарының сақталуы мониторинг топтарының тұрақты бақылауында. Бұл туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Депаратамент басшысының айтуынша, жыл басынан бері мониторингтік топ карантин режимін сақтау бойынша түрлі меншік нысандарындағы 6951 нысанды тексерді. Нәтижесінде 199 нысанда карантиндік талаптардың бұзылғандығы анықталды.

Атап айтқанда, қоғамдық тамақтану объектілерінде тыйым салынғанына қарамастан, маска режимінің сақтамалғаны, шектеулі уақыттан кейін кейбір караоке, дәмхана-барлардың жұмыс істегені анықталды.

Үйде ұйымдастырылған көпшілік шаралар да тиылар емес. Жыл басынан бері қыз ұзату, үйлену тойы, тұсаукесер сияқты көпшілік шараларды өткізудің 9 жағдайы тіркелді.

«Анықталған заң бұзушылықтар бойынша жалпы соммасы 26 миллион 788 мың 475 теңге болатын, 239 әкімшілік айыппұл салынды», - деді Айнагүл Мусина.

Ведомство басшысы атап өткендей, демалыс күндері (20-21 ақпан аралығында) мониторингтік топтар 68 рейдтік тексеру жүргізді, мониторингпен 314 нысан қамтылды, 7 объектіде заң бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде Атбасар ауданында («К.М.Күлиев» ЖК-нің «Бурабай» дәмханасы), Бурабай ауданында («Көкшебель» қонақ үйі, Бурабай кенті), Целиноград ауданында («Пиффков» бары, Қосшы ауылындағы «Жанель» және «Шарм» сұлулық салондары, Талапкер ауылындағы «Әдемі» шаштаразы) және Көкшетау қаласында («Руки из плеч» ЖШС «JJT» бары) бар.

Ал 2021 жылдың басынан бері карантин режимін бірнеше рет бұзған екі мекеме анықталды. Бұлар Көкшетау қаласындағы «Руки из плечи» ЖШС-нің «JJT» бары және Атбасар ауданы «К.М.Күлиев» ЖК-нің «Бурабай» дәмханасы.

«Руки из плечи» ЖШС-нің «JJT» барының қызметін тоқтату туралы материалдар әкімшілік сотқа жіберілсе, «К.М.Күлиев» ЖК-нің «Бурабай» дәмханасы бойынша материалдар қаралып жатыр», - деп толықтырды Айнагүл Мусина.


Жоғары қарай