Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ақмола облысында карантиндік шаралар жеңілдетіледі

2022 жылдың 31 қаңтар 2022 17:18

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын жеңілдету туралы жаңа қаулы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы» Ақмола облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы №3 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 31 қаңтардағы №5 қаулы талаптарын сақтай отырып, сауда алаңы 6000 шаршы метрге дейін қоса алғанда сауда желілерінің қызметіне рұқсат», – делінген аймақтық бас санитарлық дәрігерінің қаулысында.

Қаулы қол қойылғаннан күннен бастап күшіне енеді.

Айта кетсек, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша Ақмола облысы 2022 жылғы 13 қаңтардан бастап «қызыл» аймақта тұр.

Биылғы жылдың 31 қаңтарындағы жағдай бойынша облыста COVID-19 зертханалық расталған 63549 жағдай тіркелген. Бұл 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 8664,73, оның ішінде 53228 белгілері бар (көрсеткіш 7257,49), 10321 симптомсыз вирус тасымалдаушылық (көрсеткіш 1407,24).


Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Карантин, Ақмола облысы,
Жоғары қарай