Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында карантиндік шектеулерге өзгеріс енгізілді

2021 жылдың 31 мамыр 2021 17:34

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын күшейту туралы» өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі №14 қаулысына өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаулыға сәйкес, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне үстелдер арасындағы 2 метр қашықтықты сақтау, келушілер арасындағы 1 метрден кем емес қашықтықты сақтау шарттарымен рұқсат беріліп отыр. Алайда, көпшілік жиналатын салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық және басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салынған.

«Дәмхана, мейрамхана типі бойынша, дүкендерде орналасқан барлардың (жайлардағы) толтырылуы 50 пайызға дейін болғанда, сондай-ақ, отыратын орын саны 30-дан аспағанда жұмыс режимі сағат 09:00- 20:00-ге дейін рұқсат етіледі. Одан кейін сағат таңғы 09:00-ге дейін өнім тек өзімен алып кету шартымен сатылады. Жазғы алаңдардың толтырылуы да 50 пайызға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай, сағат 09:00- 20:00-ге дейінгі жұмыс режимі сақталуы керек. Ал асхана типі бойынша нысандардың жұмыс режимі сағат 09:00- 24:00 аралығында», - делінген қаулыда.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.


Жоғары қарай