Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Ақмола облысында кәсіпкер із-түзсіз жоғалып кетті

2020 жылдың 28 мамыр 2020 15:44

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 37 жастағы кәсіпкерге іздеу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, мамырдың 25-інде Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне жергілікті тұрғын, 32 жастағы әйел хабарласып, күйеуін іздеп табуға көмек сұраған. Айтуынша, күйеуі 37-і жастағы Руслан Серікұлы Имандинов мамырдың 25-інде сағат 13:00 шамасында «Toyota Estima Lucida» көлігімен Щучье қаласына жұмыстарымен кеткен. Содан бері оның қайда жүргені белгісіз.

«Тәртіп сақшыларына ер адамның жеке кәсіпкерлікпен айналысатыны ғана белгілі. Әйелі алдымен өзі күйеуін іздеп көрді, одан нәтиже шықпаған соң полицияға хабарласты», - дейді ведомстводан.

Русланның бойы 170-180 см. Дене бітімі орташа, басы тақыр. Үстіне сұр түсті шорты, қара футболка, аяғына қара крассовка киген. Оны іздеуге ПД жеке құрамы тартылып, таныстары мен туыстары, көршілері және куәгерлерінен сұрастыруда. Полиция қызметкерлері Русланның жүрген жеріне қатысты қандай да бір мәлімет білетін адамдар болса, «102» арнайы желісіне хабарласуын сұрайды.


Жоғары қарай